КМҚК «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы бүлдіршіндерінен ҮНДЕУ

(2 Votes)

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Туған жер» тақырыбындағы облыстық экологиялық Квест марафонның өтуіне және балабақшаның жоба жұмысының жоспарына байланысты, «Көліксіз бір сағат» атты акция жұмысы жоспарланып отыр.

Акцияның мақсаты – аудан тұрғындарының назарын қоршаған ортаны сақтау және салауатты өмір салты дағдыларын дамыту бағытындағы саналы азаматтық белсенділікке аудару. Осыдай шаралар арқылы ауылымызда ауадағы азот оксидінің негізгі көзі автокөлік болып табылатындығы және автокөліксіз бір сағатта ауылдағы шуыл 6-8 есе, ал ауаға тарайтын микробөлшектер 40 пайызға азаятынын ғалымдар дәлелдеген. Әрқайсымыз көміртек оксиді, азот, улы газдың зиянын күнбе күн сеземіз Бұл газдардың құрамында 200-ден астам компонент пен жоғарыоксидті заттар бар.Шара біздің балабақшамызда алғаш рет ұйымдастырылуда. Осылайша, біз қоршаған ортаның ластауын бір сағатқа болса да азайтуға тырыстық. Акция, сонымен қатар, жас буын бүлдіршіндерді экологиялық мәдениетке тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл үлкен мәселенің шешімі бола алмаса да, оған назар аударуға, ауылды бір сағатқа босатуға, тазартуға және қауіпсіз етуге көмектеседі .Баршаңызды бүлдіршіндер бастамасына үн қосуларыңызға шақырамыз!

Акцияның өтетін күні 25.07.2021, көліктердің тоқтайтын уақыты 10:00 - 11:00 аралығы.

«Балбөбек» бөбекжай балабақшасының ұжымы және балабақша бүлдіршіндері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT