ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

(0 Votes)
Құрманғазы ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Кайрат Булековтың төрағалығымен 2025–2028 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша ведомствоаралық кешенді жоспардың орындалуы жөнінде жиын өтті.
 
Жиынға аудандық полиция бөлімінің өкілдері, білім бөлімі, Шортанбай және Дыңғызыл ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
 
 
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, құқық қорғау органдары мен білім саласының өзара іс-қимылын күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кешенді жоспар аясында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған нақты тапсырмалар айқындалды.
 
 
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізу, түсіндіру жұмыстарын күшейту және ведомствоаралық байланысты одан әрі нығайту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT