Қазынашылардың мерейлі марапаты

(0 Votes)

Аудан әкімі Абат Жанғалиев Қазынашылық органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай қазынашылық жүйесінің қызметкерлерін арнайы құттықтады. Жиын барысында аудандық қазынашылық басқармасының ардагерлері мен қызметкерлеріне түрлі марапаттар ұсынылды.

- Бүгінде бұл саланың мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда алар орны ерекше. Сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын арттыру қаржы саласына тікелей байланысты. Қазынашылық жүйесі 30 жылда әртүрлі даму кезеңдерінен өтіп, бүгінгі таңда еліміздің қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.

Осы жылдар ішінде қазынашылық мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын және сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде қалыптасып, ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Қаржы жүйесін дамытуға қазынашылық органдарының қосқан үлесі зор деп сеніммен айта аламын. Бұл саланың темірқазықтай қалыптасуына осы жерде отырған сала ардагерлері мен қызметкерлері мол үлес қосты.

Сіздерді 30 жылдық төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңе саулық, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін,- деп аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы құттықтауын жеткізді. Одан әрі ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Р.Токбевтың 2025 жылғы 10 шілдедегі #4 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментіне 30 жыл мерекелік төсбелгісімен сала ардагерлері Жұмағилым Ележанова, Светлана Амирова, Жания Қисамеденова, бөлім басшысы Аделя Нұрмағанбетова, басшының орынбасары Райхан Қабиева, бас маман бас қазынашылар Аякөз Уразғалиева, Маншук Гумарованы ұлығылады. Қызметкерлер Салтанат Гумарова және Әлия Шуринаға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Өз кезегінде Жұмағилым Макуқызы аудан әкіміне мерекеге орай қабылдап, құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғысын білдіріп, саланың бүгінгі қызметкерлеріне жемісті еңбек тіледі. 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT