Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында аналармен 8-11 сынып қыздарымен кездесу семинар тренингі өткізілді.
Кездесуді Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Меңсұлу Лубекқызы ашып, жүргізіп отырды, кездесуге келген аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Елшат Асқарқызы, Құрманғазы аудандық ауруханасының медицина психологы Айдана Алпысбайқызы, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция капитаны Арайлым Жексенбайқызы, Дәшін дәрігерлік амбулаториясының акушеры Гүлмира Утегенқызымен таныстырып өтті.
Кездесудің мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік жолға түспеуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында: «Кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақты тәрбиелеу», «Өзіңді-өзің жоғары бағалау және өзіңе деген сенімділігіңді арттыру», «Жасөспірімдер арасында ерте жастан жүктіліктің алдын алу»тақырыптары кеңінен талқыланып, еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.