Құрманғазылық оқушы «Жүзден жүйрік» атанды

(0 Votes)

Сәуір айының 18-21 күндері 9-11-сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.

Кезең-кезең бойынша әр оқушы өз білімін сынады. Әр өңірдің білімді оқушылары бақ сынаған білім додасында Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылының 11-сынып оқушысы Гүлнұр Днибекқызы алтын медаль еншіледі. Бұл туралы Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы мәлім етті.

«Мектебімізде білім алып отырған шәкірттеріміз биіктерден көрінсе, бұл біз үшін үлкен мәртебе. Ауданымыздың мақтанышына айналып, қуантып отырған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Гүлнұр Днибекқызы олимпиаданың облыстық кезеңінде білімнің тізгінін алға тартып, республикадан І орын иеленді. Гүлнұрдың ата-анасына, пән мұғалімі Жанат Ғилажеваға алғысымды білдіремін»,- деді бөлім басшысы.

Білім додасында топ жарған оқушымыздың жетістігіне бізде өз тарапымыздан «бәрекелді» демекпіз. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT