Құрманғазыда келіндер сайысы өтті

(0 Votes)

Аудандық С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, ата-бабамыздан мұра болып қалған әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, қазақ еліне тән инабаттылық, ізеттілік, тапқырлық, ақылдылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді дәріптейтін аудандық «Пай, пай қазақтың келіндері-ай» атты байқауы өтті.

Байқауға қатысқан келіндер

1. «Қайын жұртым – қадірім» - қайын жұртын таныстыру. (Әрбір қатысушы ерекше бейнефильммен таныстыру.

2. «Бармағынан бал тамған...» - үй тапсырмасы (қатысушылар ұмытылып бара жатқан ұлттық тағам әзірлеп алып келу.

3. «Талайды тамсантқан» - дефиле (Жас келіндердің ерекше ұлттық киімдері).

4. «Анамның тәрбиесі» - ситуациялық жағдаяттардың шешімін табу. аталған кезеңдер бойынша бақ сынап, өздерін түрлі қырынан танытты.

Қатысушы келіндерге әділ баға беруге жиналған қазылар алқасы құрамында:

1. Нажимова Рысты, үлгілі ене, мәдениет саласының ардагері, қазылар алқасының төрайымы

2. Рахметова Людмила Ибатуллақызы аудандық аналар кеңесінің мүшесі, аудандық орталық кітапхананың оқырмандар қамту бөлімшесенің меңгерушісі, қазылар алқасы мүшесі

3. Гүлфара Дулатқызы 2022 жылғы аудандық “Пай-пай қазақтың келіндері-ай” байқауының жеңімпазы. қазылар алқасының мүшесі.

4 кезең бойынша сынға түскен келіндер, тыңғылықты дайындықтары және тапқырлықтарымен тартысты әрі қызықты сайыс көрсетті.

Байқау нәтижесінде: “Super келін” атағымен- Нұржау ауылдық округінен келген Рахимова Айзада марапатталды.

“Үлгілі келін” номинациясымен- Жаңаталап ауылдық округінен келген Наурызова Сымбат марапатталды.

“Ибалы келін” номинациясымен - Теңіз ауылдық округінен келген Джумагазиева Алтынай марапатталды.

“Көрікті келін” номинациясымен - Теңіз ауылдық округінен келген Ғизатуллина Ақмарал марапатталды.

“Тапқыр келін” номинациясы бойынша - Қиғаш ауылдық округінен келген Мукашева Ұлжан марапатталды.

“Бармағынан бал тамған” номинациясы бойынша- Орлы ауылдық округінен келген Нұрғалиева Айнамгүл марапатталды.

Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі дәріптелген байқаудан қатысушылар да көрермендер де жақсы әсер алып тарасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521