Көрісу күні мемлекеттік мереке болып белгіленуі мүмкін

(0 Votes)

Көрісу күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеуге де депутаттық сұрау берген болатынмын.

Өйткені, бұл да біздің рухани, мәдени байлығымыз, ұлттық дәстүріміз. Көрісу бұрын бүкіл қазақ халқына тән болған. Бұл сауалыма Үкімет басшысы алдымен барлық облыстардың пікірін білейік деген ұсынысын айтты. Осыған орай, Астана қаласында ғалымдардың қатысуымен конференция өтті. Олар мерекені атап өтудің маңыздылығын, оның қажеттілігін бірауыздан мақұлдады.

Көрісу – көшпелі халықтың күнтізбесі. Ай тізбесімен есептегенде 14 наурыз жаңа жылға келіп тұр. Ал 22 наурыз парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Сонымен, Көрісу күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өту жөнінде Қазақстанның мәдениет және спорт министрі қол қойған хат Премьер-министрге келіп түсті. Енді оның күнтізбеге қызыл түспен енуін уақыт еншісіне қалдырайық, - деген сенатор Сәрсенбай Еңсегенов тек қана Нарын құмына тән құмаршықтың, өңірімізде өсетін шүйілім өсімдігінің, лотос гүлінің қасиеті туралы әңгіме өрбітіп, олардың ауданымызда туризмді дамытуға сұранып тұрғанын алға тартты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521