Әні: Талапқали Зайнуллиндікі
Сөзі: Таңатар Дәрелұлынікі
Қайырмасы:
Кел бауыр ұмытайық іренішті,
Солай деп әмір берді жүрек ыстық.
Көрісу айты бүгін қазағымның,
Кейінге қалдыра тұр бірер істі.
Қайырмасы:
Көрісейік, кел бауырым, кел,
Бастады думанды бүкіл ел.
Тоң жібіп, ұмытылса ауыр шақтар,
Жүрекке өкпе ұстамас бауырластар.
Желпиді сүрдің иісін жайлы самал,
Әр үйде табақ – табақ бауырсақ бар.
Қайырмасы:
Жұрт іліп үстеріне бар асылды,
Төстерді қағыстырған жарасымды.
Баршаңды бауырыма басқым келер,
Табыңдар құстай керген қанатымды.
Қайырмасы:
Жан жоқ ғой қосылмаған қалыс тұрып,
Қойғандай көңілдерді жарыстырып.
Көрісу күні бүгін жүректерді,
Жатқан сәт бір-біріне табыстырып.
Қайырмасы:
Дос ынтық осынау бір салтымызға,
Шуақтап, таратқан жоқ, салқын ызғар.
Жалауын татулықтың желбіреткен,
Көрісу – біздің қазақ халқымызда.