«Күміс алқа» төсбелгісімен наградталды

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №64 Жарлығына сәйкес, көп балалы ана Айжан Пауеденқызы «Күміс алқа» төсбелгісімен наградталды.

Жакслихова Айжан Пауеденқызы 1980 жылы 22 тамызда Киров ауылдық советінде дүниеге келген. Әкесі Жақсылықов Пауеден Киров совхозында малшы болып қызмет атқарған. Анасы Утегулова Әлия үй шаруасынмен айналысқан. 1987-1992 жылдары аудан орталығындағы мектеп интернатында оқып 6 сыныптық білім алған.

1992-1996 жылдары Шортанбай советіндегі орта мектепті бітіріп 9 сыныптық білім алып шыққан. Алты баланы дүниеге әкелген, алтын құрсақты ана. Қызы Шарапиева Ақмоншақ 2002 жылы дүниеге келген, тұрмыста. Ұлы Қуандықов Жігер 2004 жылы дүниеге келген, Алматы қаласы Қаракемеде отан алдындағы борышын өтеуде. Ұлы Бекбулатұлы Айбын 2012 жылы дүниеге келген. Қызы Бекбулатқызы Кәусар 2013 жылы дүниеге келген. Қызы Бекбулатқызы Айша 2019 жылы дүниеге келген. Қызы Бекбулатқызы Айбибі 2021 жылы дүниеге келген. Осындай көп баланы тәрбиелеп отырған аналарды, қазақ халқы әрқашанда жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Айжан Пауеденқызы отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіз.

Округ әкімі аппаратының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика