Қазіргі дамыған заманда автокөлік адамзат үшін ең қолайлы нәрсе болғанымен, оны дұрыс басқара алмаған кезде ауыр әрі қасіретті жағдайлар орын алып жатады.
ҚР заңдары бойынша көлік құралдары жоғары қауіптің көзі деп саналады. «Ауруын жасырған өледі» демекші, көлік жүргізушілердің ішінде жол ережелерін сақтау мәдениеті төмен адамдар жиі кездеседі. Мәселен, кәмелеттік жасқа толған күннен бастап көлік жүргізуге Қазақстанның әр азаматы құқылы. Бірақ, көбісі жол ережелерін оқып-үйренуге аса мән бермейтіні рас.
Көкейтесті мәселелер қатарына малды басып кету дерегі бойынша орын алатын жол-көлік оқиғалары да кіреді. Бұндай жағдайлар иелерінің қараусыз қалдырған үй жануарларының қатысуымен орын алады. Әсіресе оған халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жанында орналасқан ауылшаруашылық қожалықтары негіз болып отыр. Үй жануарларының иелері оларды жайлауға немесе көшеге еркін жайылымға жіберуді жөн көреді, бұл өз кезегінде оларды жол апатының құрбаны және жазатайым оқиғаларға себепкер болуға ұрындырады.
Жол бойында адамдардың мезгілсіз ажал құшуына, түрлі дене жарақаттарын алуға жол ережелерінің мұқият сақталмауы түрткі екені анық. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы шараларын естен шығармай, көлік жылдамдығын асырмауға және мал иелерін азаматтық жауапкершілікті күшейтуге шақырамыз!
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі