Көгілдір отын келіп тұр, бірақ игілігін көруге көпшілік асығар емес

(1 Vote)

Аудан орталығынан 300 шақырымдай алшақ орналасқан Азғыр өңіріне көгілдір отын жеткізу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шекара маңындағы аудандарды дамыту жəне сол елдегі халықтың тұрмысын жақсарту тапсырмасы бойынша облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.

Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – «КаСтрой ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Тапсырыс беруші – облыстық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Жұмыстың жалпы құны – 9,8 миллиард теңгені құрады. Жоба НКОК компаниясының демеушілігімен қолға алынды. Ақкөл ауылы маңынан басталып, ұзындығы 285 шақырым сары даланы жарып өткен құбыр жолы белгіленген уақытынан бұрын Сүйіндік ауылына жетті.

Содан соң іргелес Азғырға 40 шақырымға, Асанға 150 шақырымға тартумен тәмамдалды. Айналасындағы елді мекендерге, ауылішілік газ тарту жұмыстарына қосымша 450 миллион теңге қаралды.

Бұл ауқымды жоба - Азғыр өңіріне тартылған газ құбырының ұзындығы 365 шақырымды, сондай-ақ, ауылішілік құбырлар - 68 шақырымды құрады. 2019 жылдың соңында ауылдағы үйлердің аулаларына газ құбырлары жеткізіліп, əр тұрғын құжаттарын ресімдеп, өз үйіне кіргізіп алу қарекетіне кіріскен болатын.

Қазіргі уақытта Сүйіндік ауылдық округіндегі мектеп, балабақша, ауылдық клуб және округ аппараты сияқты мекемелер газ желісіне қосылды. Сондай-ақ, Сүйіндік ауылындағы 304 тұрғын үйдің 23-і, Батырбектегі 65 үйден, Егінқұдықтағы 54 үйден бір-бірден ғана, ал Жалғызапан ауылындағы 94 үйден тек 12-сі ғана көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

Азғыр ауылдық округінде де тек бюджеттік мекемелер болмаса қарапайым ауыл тұрғындары асығар емес. Балқұдықта 43, Азғырда 28, Қоңыртеректе 6 үй тиісті құжаттарын ресімдеп, газ желісіне қосылып алды.

Асанда да осындай көрініс, округ орталығында 31 үй, Үштағанда 30 үй тек газ плитасын қолдану арқылы пайдаланып отыр. Екі ауылдан 70-теген үйдің иелері техникалық шарт алу үшін құжаттарын тапсырып қойғаны белгілі болды. Мұндағы әкімдік үйі, Момышұлы, Құрманғазы атындағы мектептер, Үштаған ауылдық клубы, дәрігерлік амбулаториясы  газ желісіне қосылды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521