Қары тазаланып, еріген суы сорылып отырса...

(0 Votes)

"Үйдегі есепті базардағы нарық бұзады" демекші, базарға темір тұлпарыңмен кіріп шығайын десең, алды осы қыста келетін қызыл су сияқты.

 Алды қардан тазанланбағандықтан, ол еріп мұз болған, оның үстіне кері қар жауып ойық шұңқыры көп жыр болған Атырау - Астрахань тас жолы іспеттес болып қалды. Темір тұлпарыңды сыртқа қояйын десең кең көлік тұрағы жоқ, кіріп шығайын десең көлігіңнің бауыры тиіп, жер сүзіп жүргенің. Жаяу жүрсең етігіңмен су кешіп, әрең дегенде базарға кіріп шығасың. Аудан ішіндегі жолдарын асфальттаған да, осы куықтай кішкене жер асфальттанбай қалып қойды.

Астындағы асфальты ойық-ойық болған соң, шұңқыры қайсы, тегіс жері қайсы білінбейді, түсесің де кетесің. Халықтың көпшілігі базарға барып керек жарағын алатын болған соң, бұл жердің уақытында қарын тазалап, еріген суын су соратын көлікпен сорып отырса игі.

Елеусін Ибрагимов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT