Ұйымшылдықпен аяқтадық

(0 Votes)

Бірлік ауылдық округі бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығына мемлекеттік тапсырыспен шығатын республикалық және өңірлік басылымдарға жазылуды ұйымшылдықпен аяқтадық.

Республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Атырау», аудандық «Серпер» газеттерінің болжамын түгел жауып, 3 желтоқсан күні бітіріп, жылдағыша бірінші болып тәмәмдадық. Жүзеге асырылған ізгі істе белсенді қатысқан округ тұрғындарына, еңбек ардагерлеріне, мекеме басшыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарияларға рухани жағынан демеу болған жеке кәсіпкерлерге, «Каспий-Балық» ӨК-нің директоры Жұмажан Өмірзақұлына алғысымды білдіремін.

Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке-бірлік нәсіп еткей. Жазылу әлі жалғасуда.

«Серпер» газетінің ұжымына шығармашылық табыс, денсаулық, отбасы амандығын тілеймін және барша оқырмандарын еліміздің басты мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болғай.

Бауыржан Ақбанов,

Бірлік ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521