Индерборда карантин жарияланды: көпірге жол жабық

(0 Votes)

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шолпан Ержанованың Қаулысы шықты.

“ATPress.kz”-тің хабарлауынша, бұл ақпаратты Индер ауданы әкімінің орынбасары растап отыр.

Карантиндік шаралар 19 маусым сағат 00.00-ден бастап шамамен 2 шілдеге (аудандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты) дейін енгізіледі.

Ал, жалпылай алғанда, қойылатын талап бұрынғыдай Атырау қаласындағыдай, яғни, кіре-беріс қақпаны арнайы блокбекеттер күзетеді, қозғалысқа, көпшілік шаралар өткізуге, кәсіпорындар мен ШОБ нысандарының қызметіне шектеу немесе бірен-саран тыйым салынады және т.б. Ең бастысы, Атырау-Орал тасжолымен (“махамбеттік” бағытта) жүру керек.

Өйткені, аудан орталығының өзіндегі көпірмен жүру енді мүмкін емес.

Ал, жақын маңдағы көпір тек өзеннің арғы бетіндегі көршілес Махамбет ауданының орталығында ғана орналасқан.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21