«Іңкәр дүние»

(0 Votes)

«Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасынан ақын Таңатар Дәрелұлының осылай аталатын кезекті кітабы шығып оқырмандарына жол тартты.

Сағыныштың сары сиясымен жазылған туындының айтар ойы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, әдебиетші Бағила Сағындыққызының алғысөзінде айқын баян етіледі.

Жинақ «Белгі қалған белестер», «Ауырады жүрегім...», «Арнау жыр», «Достардың көңілі көл еді...», «Сурет-шежіре және кейбір деректер» атты бес бөлімнен тұрады. Алғашқы үшеуінде ақынның жан дүниесінен, ішкі толқынысынан туындаған жырлары, арнау өлеңдері, балладалары топтастырылып берілген.

Төртінші бөлім ақын-азаматтың болмыс-бітімі тілеулес жандардың көкірек көзімен таразыланады. Тұшымды дүниенің салмағын осы бөлімдегі кітап авторының өмірлік серігі, ұлағатты ұстаз Зоя Қоңқашқызының ұшқан ұясы мен келін боп түскен киелі босағасы жайлы естелік-эссесі еселеп тұрғандай. Қалың оқырман Таңатар ақынның шығармашылығымен көптеген кітаптары арқылы жақсы таныс болса, көп біле бермейтін мынау бес күн тірлікте маңдайына жазылған қызық-қуаныштары, көрген қиындықтары, азап-шері жан жарының осы жазбаларынан кейін мәлім болады.

Соңғы бөлімде жақсы адамдардың жарқын бейнесі, мемлекеттік наградалар мен кішкентай немерелердің тұсаукесті жетістіктеріне дейінгі жанұялық өмірді жарастырып тұрған марапаттар көрініс береді. Ақынның іңкәр дүниесін етене білгіңіз келсе, аталған кітапты іздеп жүріп оқуға кеңес береміз.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521