Қиғаштан Ақкөлге дейін жол салынады

(0 Votes)

Округ әкімінің есеп беру жиналысында көтерілген сұрақтарға орай аудан әкімі Қайрат Талапұлы, "Атырау-Жарық" АҚ аудандық филиалының басшысы Игорь Әбуғалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева нақты жауаптарын қайтарды.

"Қиғаш" Бас су сорғы стансасының басшысы Хамит Кабылов округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев 2020 жылы Қиғаштан Ақкөлге қатынайтын жолдың құрылысы басталатыны, оған республикалық бюджеттен қаржы бөлінгені туралы жағымды жаңалығымен бөлісті. Бұл жоба Қиғаштан Жыландыға І, Жыландыдан Ақкөлге дейін ІІ кезең бойынша жүзеге асырылатынын қаперледі.

img_8166

img_8167

Сондай-ақ, ауылға 220 орындық жаңа мектеп салу сұранысы тиісті бағдарламаға енгізілгенін, болашақта ол мәселе де оң шешімін табатынына сенімін білдірді.

А.Шакупова

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21