Ерсейт- республикалық чемпионаттың жүлдегері

(0 Votes)

2024 жылдың 1-9 сәуір күндері аралығында Көкшетау қаласында өткен классикалық пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Ерсейіт Бралин ІІІ орынды жеңіп алды.

Ерсейіт – Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бұлшық еті бұлтылдаған күш иесі аудан, облыс, республика көлемінде өткен түрлі жарыстарда көзге түсіп, мерейімізді асқақтатып жүр. Спортты жанына серік еткен жігіттің шыққан биіктері де аз емес. Әсіресе, 2020-2022 жылдар ол үшін жемісті болды. 2020 жылы Шымкент қаласында өткен пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері атанды. Сол жылы халықтық жатып сығымдаудан «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» спорттық атағын иеленді. Турникке 16 келілік кір тасын іліп көп тартылудан «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» спорттық атағы берілді.

Ал, 2021 жылы стритлифтингтен, штанганы бицепске салып көтеруден спорт шеберіне үміткер, Ақтөбе қаласында кір тасын көтеруден өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлдегер атанса, Атырау қаласында құқық қорғау қызметкерлері арасында самбо күресінен ұйымдастырылған облыстық біріншілікте жеңімпаз болып топ жарды. Аталған жылы ауданымыздың даму қорытындысымен «Үздік спортшы» аталымына лайық деп танылды. 2022 жылы Алматы қаласында болған пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлдегер атанды. Кір тасын көтеру спортынан өткен қоссайыста «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді. Ауданымызда өткен түрлі спорттық іс-шараларда қой, 32 келілік кір тасын көтеруден алдына түсер ешкім жоқ. Спортпен бірге аудандық №7 өрт сөндіру бөліміндегі жұмысын қоса алып жүрген Ерсейітке жеңісті жолың жалғасын таба берсін деген тілектеміз!

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT