Ерлік сабағы есімізде қалды

(0 Votes)

Еңбекші жалпы орта мектебінде әскери-патриоттық шара ұйымдастырылып, оған аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Серік Мұфтахов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілі Асланбек Шарипов қатысты. Ауған соғысында қаза тапқан ерлерді үнсіздікпен еске алып, жат жерде от кешкендер жайлы дайындалған бейнесюжет тамашаланды.

Ауған соғысының ардагері Серік ағамыз сол бір отты күндердің естен кетпес естелігін айтып, тілегін білдірді. От пен оқтың тезінен өткен, көргені көп, түйгені мол азаматтың лебізі, өскелең ұрпақ үшін қашанда құнды. Аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкері А.Шарипов соғыс даласында ерліктің ерен үлгісін көрсетіп қаза тапқан және із-түссіз жоғалған батыр жерлестеріміздің есімдерін атап, олар жайында біраз мағлұматтар берді.

Кездесудің сәнін мектеп оқушылары ән-күймен өрнектеп отырды. Соңында мектептің БӘД мұғалімі, шараны ұйымдастырушы С.Кадралиев білім ошағында тәрбиеленіп жатқан 2001 жылы туылған ер балаларға әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті тапсырды.

Ә.ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ, Еңбекші жалпы орта мектебінің оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521