Ерліктері ел есінде

(0 Votes)

Соғыс.. соғыс .. соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, әр үйдің, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды.

Отанын қорғауға майдан даласына қаншама казақ азаматтарымен бірге әйелдерде белін бекем буып,өз ұрпақтарының келешегі үшін аттанды. Сол сұрапыл сұм соғысқа біздің ауданнан 1918 жылы Морской кеңесінде дүниеге келген Мақым Шамханұлы да аттанған еді. Ол әкесінен үш жасында жетім қалып, анасының тәрбиесінде болған. Абай орта мектебінің бірінші түлегі болып бітіріп шығып, оқытушылар даярлайтын 6 айлық курстан өтіп, Морской советіндегі жеті жылдық пионер мектебінде мұғалім болып жұмыс жасайды. 1940 жылы Финляндиямен ұрыс жүріп жатқанда әскер қатарына шақырылып, 193 артполкта әскери борышын өтейді. Қорғаныс министрінің бұйрығына сай, орта және жоғары білімі бар ерлерді 6 айлық оқыту курсына жинайды, оның ішінде Мақым Шамханұлы да бар болатын. Оны бітіргеннен кейін 393 атқыштар полкінің 6-шы ротасына старшина болып тағайындалады. Фин соғысынан соң, Ұлы Отан соғысына қатысып Луцк, Ровно, Киев, Харьков, Волчанск, Волойко, Левина т. б қалаларындағы шайқастарда ерлік үлгісін көрсеткен. Сол шайқастарда 1-ші взводтың командирі жараланып, оның орнына сол взводтың командирі болып белгіленеді. 1942 жылдың ақпанында екі аяғынан ауыр жараланып 1943 жылы көктемде елге оралады. Ауылға келген соң қызу еңбектің ортасында 1943-1979 ж.ж аудандық атком жанындағы еңбекке жұмылдыру комитетінің бастығы, аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы қызметтерін ойдағыдай атқарады. Майдандағы ерен ерлігі және бейбіт өмірдегі еселі еңбегі үшін І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, түрлі медальдармен, Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Одақтық әлеуметтік сала ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаталады. Сол жылдары Мақым Шамханұлы Иманқұлқызы Валентинаға үйленеді.  

Шамханова Валентина Иманқұлқызы 1924 жылы Ботақан ауылдық советінде дүниеген келген. Сол ауылдағы бастауыш мектепте оқып, Ганюшкиндегі Абай атындағы орта мектепті тәмамдаған.Ұлы Отан соғысы басталғанда ер-азаматтармен қатар өз еркімен майданға аттанып, № 416 әуе-зениті мен артеллерия бөлімшесінің №430 құрамында жүріп, неміс фашистерімен елді азат етуде талай мәрте ерлігімен көзге түскен. Украина елінің астанасы Киевті, сондай -ақ Румыния, Венгрияны жаудан азат етудегі шайқастарға қатысып, Жеңіс күнін Германияда қарсы алған.

Соғыстан кейін сауда саласында жұмыс жасап, 1961-1981 жылдары аудандық өкпе аурулар ауруханасында шаруашылық бөлімін басқарған. Еңбегі де ескерусіз қалған емес. ІІ дәрежелі «Отан» соғысы ордені, бірнеше рет медальдар және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңісінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Отбасында 1 ұлды дүниеге әкеліп, содан майдангерлер көзі тірілерінде 3 ұл 1 қыз немере сүйіп, оларды оқытып, ел қатарына қосады. Қазір олардан 19 шөбере бар. Еңбегімен еленген Мақым Шамханұлы осы атқарған қызметінің арқасында 1977 жылы зейнеткерлікке шығады. Жыл сайын омырау толы медальдарын тағып, жиындарға қатысып, жас жеткіншектерге бастан кешкен қиын кездерін, бақытты өмір оңай келмегендерін баяндап отыратын қос қария соғыс ардагерлері Мақым Шамханұлы 2001 жылы, ал Валентина Иманқұлқызы 2002 жылы мәңгілік сапарға аттанды.

Гаукария Тукестаева,

Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521