Ересек өмірге асыққан оқушылар көп

(0 Votes)

Түнгі уақытта көше кезіп, заңды өкілінсіз дала кезген жас жеткіншектердің бос жүрісін доғару мақсатында аудан көлемінде  «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы  өткізілді.  

Оған аудандық полиция бөлімініңбарлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамынан барлығы 55 адам  жұмылдырылды. Тексеріс барысында 37 жасөспірім арасынан 36  әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар алынды.

Шара  кезінде ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесіне ҚР ІІМ-нің №1098 бұйрығына сай, әртүрлі құқык бұзушылыктары жасаған үшін және басқа да себептермен 3 ата-ана қолайсыз отбасы  профилактикалық және 1 жасөспірім тізімдік  есебіне алынды

Барлық оқу орындарында білім беру өкілдерімен бірлесіп,оқушылармен кездесулер кестесі әзірленіп, олардың барысында ақпараттық бюллетеньдер таратылып, құқықтық көмек көрсету және консультациялар мен әңгімелесулер өткізілді.

 

С.Капизов

Аудандық ПБ  ЖПҚб  

ЮПТ  КТІ  УПИ

полиция  аға  лейтенанты                                            

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521