Биыл еліміздегі болып жатырған короновирус инфекциялық ауруына байланысты жаңа жыл мерекесі тойланбаған болатын.
Бірақ осы жаңа жыл мерекесін бәрінен де асыға күтетін жандардың бірі Ерекше жандар (Даму мүмкіндігі шектеулі).Олар басқа балалар сияқты жаңа жылда аяз атаны, тәтті сыйлықтарды қалайды. Жаңа жыл – ғажайыптар мен шаттыққа толы мейрам. Әр бала мереке кешінде Аяз атадан өздері қалаған сыйлықтарын алғысы келеді. Осы орайда Кудряшово ауылдық округының жеке кәсіпкері Аслан мен Ақжарқын Темировтар отбасына үлкен алғыс білдіргім келеді. Былтырдан бастаған жақсы істерін аяқсыз қалдырмай, Сафон, Байда, Кудряшово ауылдарының ерекше балалары мен ересектерін биыл жаңа жыл тойланбаса да құттықтап, тәттілер таратып, жана жылдық сыйлықтарын беріп ерекше көңіл күй сыйлады.Көздері жайнап, жүздерінде шаттық нұры ойнаған балалардың қуанышында шек жоқ. Осымен екінші жыл қатарынан осындай қайырымдылықпен айналысып, Ерекше жандарға ерекше көңіл күй сыйлап жүрген Темировтар отбасына үлкен рахмет. Баланы қуантсаң, әлем қуанады демекші Ауылымыздың басқа да кәсіпкерлерін, қайырымдылық жасауға, осындай игі істерге демеуші болуға шақырамын
А.Абугалиева,
Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы