Ерекше балаға – ерекше қамқорлық

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның Zoom форматында өткен кезекті отырысында комиссия төрағасы Н.Қалиев күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

– Жыл басынан бері ювеналды полиция тобына 95 жасөспірім келтірілген. 82 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Қылмыстың құрамы бар іс-әрекетін жасағаны үшін 1 кәмелетке толмаған ұсталды. 2 бала ата-аналарының тарапынан қараусыз, қадағалаусыз қалуына байланысты облыстық кәмелетке толмағандардың оңалту орталығына жеткізілді, - деген хабарламашы  аудандық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Жарас Бектеміров кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

- Ауданымызда даму мүмкіндігі шектеулі 390 бала бар. Оның ішінде үйден оқитындар – 45, инклюзивті білім алатындар – 79, жалпы мектепте отырғандар саны – 87, арнаулы сыныпта – 65 бала білім алып отыр. №5 Құрманғазы аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті КММ-інде облыстық психологиялық медициналық кеңестің қорытындысы бойынша 97 бала тіркелген. Коррекциялық кабинетке 35 оқушы тасымалдауды қажет етіп отыр, - деген аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева инватаксиге 20 млн. теңге бөлініп, тамызда алу жоспарланып отырғанын, түзету кабинетінің материалдық техникалық базасын жақсарту үшін түрлі құрал-жабдықтарға сұраныс берілгенін алға тартты. Комиссия төрағасы Н.Қалиев ерекше балалар қоғамда өздерін еркін сезінуі қажеттігін, сондықтан, айрықша күтімге мұқтаж балғындарға қолайлы орта қалыптастыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі екендігін тілге тиек етіп, бұл бағытта тағы да шешімін табуды қажет ететін проблемалық түйткілдерді сұрады.  «Инклюзивті білім беру мен даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының жайы» жөнінде Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының жан-жақты ақпараты ұсынылды. Ауданның бас дәрігері Г.Мүтиева аудандық перзентхана бөлімшесінде дүниеге келген сәбилердің мәліметін ұсынды.

Одан әрі күн тәртібіндегі мәселелерге орай Нұржау, Сафон ауылдық округтерінің әкімдері М.Мұғалім, Р.Қамзаеваның жасаған хабарламалары комиссия мүшелері тарапынан қаперге алынды.  

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521