«Ембімұнайгаз» компаниясына жаңа басшы тағайындалды

(0 Votes)

Атырау облысында мұнай кен орындарының тобын өндірумен айналысып жатқан «Ембімұнайгаз» компаниясына жаңа басшы келді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап хабарлайды. «Директорлар кеңесінің шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Есен Қайыржан тағайындалды.

Ол 1962 жылдың 15 қарашасында Атырау облысында туған. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В. П. Горячкина атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын Маңғышлақта 5-разрядты слесарь-жөндеушісі болып бастаған. «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры қызметін атқарған, «Құмкөл-Лукойл» АҚ, «Өңтүстікмұнайгаз» ГАҚ, «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ компанияларында жұмыс істеген. «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Қазгермұнай» БК» ЖШС президенті болған. 2018 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алулар және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

inform.kz

Фото: nb.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521