Ем-дом өзімізде жақсы

(0 Votes)

Өткенде көптен сырқат азаматымның ескі дерті оқыс асқынып, аудандық аурухананың терапия бөліміне түстік.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, мұндағылардың жан жадыратар ілтипатына көңіліміз марқайды. Түннің бір мезгілі болуына қарамастан бөлім меңгерушісі Римма Ғабдушева жетіп келді. Ол ерімнің саулығын тексере келе айтулы әріптестері Бекболат, Исламды шақырды. Үшеуі ақылдаса келе беймәлім бір аппараттарды қосты. Мұның бәрі түннің бір мезгіліндегі тірліктері.

Таңға жақын сырқат азаматым дертінен жеңілдей бастады. Мейірбике, санитар айналайындар қандай көргенді, қандай инабатты, баршасы да өз міндеттеріне сергек қарайды екен. Палаталар ауру жандарға толы. Ақ көбелектей ұшып, баршасына да үлгеріп жатыр. Римма апаларының белгілеп кеткен ем-домын мүлтіксіз орындайды. Жүздері жайдары, қабақтары оң, қимылдары ширақ.

Ертесіне есімізді жиып, төңірегімізге көз салсақ, соншалықты тазалыққа, әр жерде жұпар шашып тұрған қызыл ала гүлдерге көзіміз түсті. Сырқаттарға арналған санитарлық ақпаратта ұқыптылықпен жасалып, көрнекі жерден орын тауыпты.

Риза болдым, Астраханьға шапқылауды мүлде доғардық. Өзіміздің ақ халаттылардың ем-домынан артық еместігіне сана орнығып, көз жетті. Есімдері аталған – аталмаған дәрігерлерге, мейірбике, санитар қыздарыма алғыстан басқа айтар бөтен сөзім жоқ. Емдеріне, кісілік-кішіліктеріне әбден тәнті болдым, Алла оларды мұраттарына жеткізгей!

Баян Халелбекқызы, мемлекеттік қызмет ардагері,

Нұржау мекені

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521