Елбасына ерекше құрмет

(0 Votes)

Тұңғыш Президент күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Елбасымыз – кемеңгер, көші түзу, кемел ел» атты салтанатты жиын өтті.

Шара мемлекеттік Әнұранымыздың орындалуымен басталып, Лед экраннан Ұлт көшбасшысының алғашқы ант қабылдау сәті, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жасампаз істері тамашаланды. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев Елбасы өмірі мен еңбегіне арналған кең көлемді баяндама жасап, құрманғазылықтарды мәртебелі мерекемен құттықтап, қызметтегі жетістіктері үшін түрлі сала мамандарына марапаттар табыстады. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров аймақ басшысының алғыс хатымен ұлығыланса, қалған бір топ қызметкерлер аудан әкімінің құттықтау хатына ие болды.

img_7920

img_7934

img_7935

Мерекелік салтанатта ҚР Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы «Елім жетсе биіктен-биіктерге...» атты жаңа өлеңін шабыттана оқыса, Ақкөл жалпы орта мектебінің директоры Арай Қаржауова Тұңғыш Президенттің ғаламат еңбегін дәріптеп, тектілігі мен парасаттылығын көпшілікке үлгі етті. Салтанатты жиын соңы жергілікті өнерпаздардың асқақ әуенге толы концерттік бағдарламасына ұласты.

img_7939

img_7944

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521