Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен «Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы» республикалық форумы – ауылды дамытудағы маңызды кезең болды.
Еліміздің әр өңірінен келген ауыл әкімдері инфрақұрылымды жақсарту, ауызсу, жол, интернет, медицина мен білім сапасын көтеру, ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлік пен жастар саясатын күшейту бағытында пікір алмасты.
Президент ауыл – елдің тірегі екенін, ал ауыл әкімдері халыққа ең жақын, ең жауапты басқарушы екенін ерекше атап өтті.
Форумда берілген тапсырмалар – біздің жұмысымыздың жаңа бағыты.
Ендігі міндет – ел сенімін ақтап, ауылдың дамуына нақты серпін беру!
Ауылдың үні естілетін, мәселесі шешілетін уақыт келді.
Мұрабек Мұғалім,
Нұржау ауылдық округінің әкімі


