Атыраулық екі әріптесіміз баспаналы болды

(0 Votes)

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-де екі облыстық, жеті аудандық газеттердің және баспахана ұжымы қатысқан селекторлық жиналыс өтті.

Оны серіктестіктің директоры Ысқақ Егембердиев ашып алда атқарылғалы отырған жұмыстармен таныстырды. Қысқаша тоқтала кетсек оның барысында еліміздегі алдыңғы қатарлы медиахолдингтің алға қойған міндеттері,  жүзеге асыру бағытындағы тың идеялар, кәсіподақтың жұмысы, журналистер арасындағы бәскелестікті арттыру үшін құрылған көркемдік кеңес құрылғалы отырғаны және т.б. қамтылды. Бұл жұмыстарды үйлестіру тәжірибелі журналист, директордың бірінші орынбасары Рауан Сәбитұлына тапсырылды. Сонымен қатар алға қарай көп балалы, әлеуметтік жағынан көтермелеуді қажет ететін әріптестерімізге кәсіподақ жанынан бір жолғы жәрдемақы, серіктестіктің он адамына шипажайға жолдама берілмек. Ысқақ Дүйсембайұлы он жылға жуық облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметін атқарған Исатай Балмағамбетовтің басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған жұмыстарына оң баға беріп, жаңа орнына сәттілік тіледі. Ол өз тарапынан ризашылығын жеткізді. Селекторлық жиналыста «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалған тәжірибелі журналист Назарбек Қосшиев қатысушыларға таныстырылып, бұл жұмысты ойдағыдай атқарады деген сенім көрсетілді. Тағы бір қуанышты жаңалық екі бірдей әріптесімізге, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің журналистері Гүлжан Әмірова мен жерлесіміз Динара Канбетоваға баспана беріліп отыр. Гүлжан әріптесіміз оған орналасса, Динараны да сондай бақыт күтіп тұр. Медиахолдингтің жаңа әкімшілігінің осындай қамқорлығы мен бастамалары шығармашылық шабытымызды қамшылай түсті. Төртінші билік атансақ та әлеуметтік статусымыз әлі айқындала қоймаған топ болғандықтан осындай жас, жігерлі, іскер азаматтардың қарауындағы қызметкерлердің қамын ойлап, жаңа соқпақ салып, тың идеялар ұсынғаны қазақ журналистикасының шағын шоғырының үміт-жігерін еселей түсті.

 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521