Еңбекшіліктер ауыз суды тұтына алмай отыр

(0 Votes)

Өткен әзірде әлеуметтік желіде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Сурхан өзені жасыл түске боялғаны жөнінде бейнеролик тараған болатын.

Мұндағы балықтар да өлуде. Ауыл адамдары қолдарынан келгендерінше өлі балықтарды жағаға шығарып, суды ластамауға тырысып бағуда. Алайда, еңбекшіліктер ауыз суды тұтыну мүмкін еместігін айтып шағымдануда. Үнемі осы уақытта судан жағымсыз иіс шығып, түсі көк-жасыл түске боялуы үшінші жыл қатарынан қайталанып отыр. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындар ауыз суға зәру. Қалыптасқан жағдайдың себебіне келсек, судың ағысының жоқтығынан, күннің ыстығына қызған балдырларда шіру процесі орын алып, тіршілік нәрінен жағымсыз иіс пен дәм шығады. Сурхан өзенінің бойына жиналған ауыл белсенділері жергілікті билікке өздерінің жанайқайын ашына жеткізді. Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны Темірболат Қабдолов бұл суды адам түгілі мал да ішпейтінінен, егінін де суара алмайтынынан, өйткені, жапырақтары солып түсіп қалып жатқанынан хабардар етіп, жаз мезгілі сайын бетпе-бет келетін проблеманың алдын алу үшін іргеден Забурынға айдалған суды тоқтатуды немесе басқа да мүмкіндігін қарастыруды қолға алу қажеттігін қаперге берді.

– Ауыз су пайдаланып отырған өзегіміздің бүгінгі жағдайы сын көтермейді. Өйткені, жаға бойы жап-жасыл балдыр ма әлде шөп пе судың бетінде бірнәрсе жүзіп жүр. Сүзгіден тазаланып келген үйдегі суды да тұтыну мүмкін емес. Қоқыстан тұнып тұр. Иіс өз алдына. Аудан әкімдігінен, округтен келіп тұрған жауапты мамандар халықтың базынасына құлақ түріп, мәселенің оң шешімін табады деген ойдамыз – дейді ауыл белсендісі Болат Бидоллаев.

bdb60461-a71a-4170-a0ce-3f4b9b0a4cf3

Орын алған жағдайды өз көзімен көрген аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев:

- Ұлттық сараптама өкілдері Сурхан өзенінен су сынамасын алды. Нәтижесін күтудеміз. Бұл мәселенің негізгі себебі – каналдың Шарон өзенінен келіп бөлініп, Сурхан каналаына қосылған кездегі судың жалпы тайыздауы және каналдың Шарон өзеніне қосылатын 8 шақырымдай жері қазір тұйықталып, ағыстың болмауы. Осы 8 шақырымды қазуға жобалық сметалық құжаттама жасақталуда. Сонымен қатар, Жұмекен ауылдық су тазарту ғимаратын «Қиғаш-Маңғышлақ» магистральды су ағызғысына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде су тасу көліктерімен ауыл тұрғындарына арзан бағамен тасымалдауды ұйымдастырып жатырмыз, - дейді мән-жайды түсіндірген Нұрлыбек Ғаділханұлы.

Ішетін суды дүкеннен сатып алып әзірге амалдап күнін көріп отырған жергілікті тұрғындар жыл сайын қайталанатын мәселенің шешімін тапқанын қалайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521