Еңбек майталманына - ерекше құрмет

Рейтинг: 0 / 5

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, өзінің саналы ғұмырын осы салаға арнап, ел несібесін еселеуге сүбелі үлесін қосқан ауданның «Құрметті азаматы» Абдошев Елемес Дәулетұлының 80 жасқа толуына орай тағылымды кеш өтті. Шара басталар алдында барша қатысушылардың қошеметімен сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер ағаға ат мінгізіліп, құрмет көрсетілді.

Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Бибоз Шаяхметовке беріліп, еліне елеулі, халқына қалаулы болған еңбек майталманының ұлағатқа толы өмір жолындағы атқарған істеріне, ғылыми жетістіктеріне, адамгершілік келбетіне тоқталып, қазақи үлкенді сыйлау үрдісімен иығына шапан жапты, мұндай құрметті өмірлік серігіне де көрсетті.

Туған жерге деген адалдықтың үлгісіндей болып, оның өркендеуіне бар білімі мен білігін арнаған Елемес аға көрсетілген құрметке үлкен ризашылығын білдіріп, ештеңе ескерілмей қалмасын дегендей айтар сөзін хатқа түсіріп ерекше ілтипатпен оқып берді. Мәдениет үйінің өнерпаздары өздерінің ән-күйлерімен шараның шырайын келтіріп, шаттығын асырды.

Толығырақ «Серпер» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика