Еңбек адамдары марапатталды

(0 Votes)

Мал шаруашылығы – барлық тіршіліктің күретамыры, береке бастауы, ұлтымыздың атакәсібі.

Аталмыш сала бойынша ел экономикасының дамуына үлкен септігін тигізіп отырған Мақаш өндірістік кооперативінде еңбек адамдарын марапаттау жиыны өтті. Кооператив төрағасы Жеңіс Әбілқайыров алғысөз алып: - Ағымдағы жылдың бастапқы айларының көрсеткіші бойынша мал басын аман сақтау, қоңдылығын түсірмей, төл алу жұмыстары өз деңгейінде орындалды. Асқан жауапкершілік, ұйымшылдық қасиетімен өзіне тапсырылған міндетті мүлтіксіз атқарған бір топ ұжым қызметкерлерін жоғары марапатқа ұсындым. Олардың қай-қайсы да қандай сый-құрметке де лайық жандар»,-деп барша ұжымдастарына ризашылығын білдіріп, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының арнайы қаулысымен III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін «Сәт баба» фермасының меңгерушісі Жасұлан Бисенбиев пен мал асылдандыру бөлімінің бас маманы Алмагүл Қажетоваға табыстады.

ebek-adamdary-marapattaldy1

ebek-adamdary-marapattaldy2

II дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен округ әкімі Бауыржан Кадыров «Сәт баба» фермасының аға шопандары Тоты Мансұрова, Хамзин Қуантай, трактор бригадасының бригадирі Ханафия Нұрмұқанбетов, шаруашылықтың ішкі жұмыстар менеджері Оңдыбай Мусин, гараж меңгерушісі Шайхолла Лутовты ұлығылап, жылы лебізін білдірді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы Руслан Қабдешов мал шаруашылығы менеджері Ибатолла Галиевтің өңіріне I дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін қадап, өз сөзінде шаруа адамдары қоғамда кеңірек насихатталып, оларды жас буын танып өсуі керектігін баса айтты.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521