Ақсақал жасына келсе де өзінің азаматтық борышына сергек қарайтын дыңғызылдық Құрышболат Тәжеденов ағамыз өз таңдауын жасады.
“Референдум - еліміздегі ең өзекті деген мәселелерді бүкіл халық болып шешу болып табылады. Бұл мемлекетіміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам. Әрбір қазақстандықтың, елім деген әрбір азаматтың еркін таңдауы - біртұтас елдің таңдауына айналады.
Референдум ең алдымен халықтың пікірімен санасу, ой мен шешіміне құрметпен қарау екені белгілі. Осы арқылы қоғамда билікке деген сенім пайда болады. Болашағымыз дұрыс шешім қабылданады деген ойдамын” дейді ауылға сыйлы ақсақал.