Дулат Ағаділдің анасы прокуратураға арыз түсірді

(0 Votes)

Осы орайда, прокурор орынбасары асығыс шешім жасамауға, сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің анасы прокуратураға арыз түсірді. Бұл туралы қала прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін бізге марқұм Дулат Ағаділдің анасы арызданып, отбасы рұқсатынсыз бейнежазба жасап таратқандарды жауапқа тартуды сұрады. Ол бейнежазбаның жасалғанына және оған жазылған пікірлерге қатты ашуланып отыр", - деді Қилымжанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Осы орайда прокурор орынбасары асығыс шешім жасамауға, сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауға үндеді.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Дулат Ағаділдің жерлеу рәсімінен түсірілген бейнежазба тараған болатын. Авторлар мәйітті көрсетіп, комментарий жасаған.

Sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521