Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі - Құрманғазыда

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Құрманғазылық көрерменге әлемнің ең үздік кинотуындыларынан "Sоundtrack" концертін ұсынды.

Әуезді әуенмен  тыңдарманның бойын балқытып, ерекше күй кешірсе, көңілді ритмдегі композицияларымен  көрерменді бір сергітіп алды. Күміс көмей әншілер тыңдарман қауымды таңдандырмай қоймады.

Музыка әлеміне сапар шеккен Құрманғазылық көрермен  сазды кештен алған әсерлерін өнер иелеріне деген  ерекше қошеметпен білдірді.

Кеш соңында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Амангелді Хайдарұлы аудан әкімі атынан ықылас гүлін, естелік сыйлығын және алғыс хатын табыстап, ыстық ықыласын жеткізді. Өнер айдынындағы әріптестерімізге аудан тұрғындарына ұмытылмас кеш сыйлағаны үшін алғыс білдіре отырып, шығармашылық шабыт, жетістік шыңдарын бағындыратын таудай талап тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521