Дезинфекциялық құралдар толық емес, есіктерінде марлі жоқ

(0 Votes)

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның мүшесі, аудандық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Карл Отаров бастаған топ аудан орталығындағы бірқатар азық-түлік дүкендерін аралап, төтенше жағдай талаптарының сақталуымен танысты.

Аралауға комиссия мүшелерінен «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Ұлыбек Өтегенов, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов, аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Фархад Қисымов, аудандық ТЖБ-нің аға инженері Жанболат Абдоллаев қатысты.

i

Алдымен орталықтағы жеке кәсіпкер Ақылбек Қайсағалиевтің «Мерей» азық-түлік дүкеніне келдік. Аудандық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Карл Отаров мұндағы дүкеншілермен әңгімесінде: – Өздеріңізге мәлім, Атырау қаласынан коронавирус жұқтырған 4 жағдай анықталды. Іргелес Астрахань облысында да тіркелді. Біз екі ортада жатырмыз. Сондықтан сақтық шараларын күшейткен дұрыс. Дүкенге адамдардың бетпердемен келуін талап етіңіздер. Кіре беріс есіктің сыртында «Маска киіп келіңіз» деген ескерту тұруы тиіс. Ішкі жағына кірген адамдар қолына жағатын залалсыздандыру сұйықтығы (дозатор) ілінгені жөн. Антисептик міндетті түрде болуы керек. Себебі ауру адам келіп тауарды қолына алып, оның сақталу мерзімін қарауы мүмкін. Содан кейін оны сау адам ұстаса оған да жұғады. Есік алдындағы залалсыздандыру сұйықтығын қолына жақпағандарға тауарды ұстауға тыйым салынады. Сонымен қатар қастарыңызда артық бетперде, қолғап та болғаны жөн. Оларды әрбір 3 сағат сайын ауыстырыңыздар. Адамдар дүкенге кіргенде бес адамнан аспауы және кезектің аралары бір метр қашықтықта болуы қажет. Сауда орнының іші залалсыздандыру сұйықтығымен (ди хлор) әрбір үш сағат сайын жуылады. Бүгін сіздерге осыны түсіндіру мақсатымен келіп отырмыз, - деді. Дүкенші Гүлжан Нәдірханқызы «Дихлор» таблеткаларын алып, 10 литр суға біреуін езіп қолданып жүргендерін жеткізді. «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Ұлыбек Өтегенов індет таралуының алдын алу жағдайды ушықтырмайтынын, дезинфекциялық құралдар түгел болмаса келесі жолы айыппұл салынуы мүмкіндігін қаперге берді. Айта кетер жайт бұл дүкенде азық-түлік тауарларының бағасы біраз түсіпті.

img_9255

i

Келесі кезекте «Мөлдір», «Адай», «Кердері», «Төлеңгіт», «Мерей-9», «Лимон» азық-түлік дүкендері араланды. Олардың кейбірінде дезинфекциялық құралдар толық емес, есіктерінде марлі жоқ болып шықты. Біреуінде дүкенші бетпердесіз, қолғапсыз тұр. Ауыл тұрғындары да сақтық шараларын алу қажеттігіне мән бермей сауда орындарын бетпердесіз аралап жүр. Аудандық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Карл Отаров қай дүкенге барғанда да сақтық шараларын, болуы тиісті антисептикалық құралдарды тікелей тексеріп, жетіспеушілігі барларына толықтыруы қажеттігін ескертті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521