Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады

Рейтинг: 0 / 5

Биыл еліміздегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 14 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Елімізде денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің көлемі бір жылда 21 пайызға артқаны белгілі болды. 2019 жылдың І тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы қызметкерлердің жалақысы да өскен.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға артады. Бірақ оның өсуі, қызметкердің білігі мен еңбек өтіліне байланысты болмақ.

Биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көлемі 292,7 миллиард теңге болды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда бірден 21 пайызға артық.

Дереккөз: Tengrinews.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика