Таңертеңгі жетіде басталған сайлау кешкі сағат тілі сегізге жеткенде учаске орналасқан ғимараттың есігі тарс жабылды.
Енді ешкімнің дауыс бергісі келсе де құқығы жоқ. Іштен ілінген есіктің ар жағында сайлау учаскесі комиссия мүшелері жәшіктердің пломбасын ашып дауыс санауға кіріседі. Жергілікті мәслихат депутатын сайлау еш құқық бұзушылық тіркелмей қалыпты өтті.
172 санды сайлау учаскесінің төрағасы Қайыржан Сидәлиевтің мәлімдеуінше сайлау барлық заңдылық сақталды, байқаушылар тарапынан ескертулер болған емес. Ұлтанды ауылдың тұрғындары конституциялық құқтарын бір кісідей біледі. Өздері үміт артқан кандидаттарына дауыстарын беріп үлгерді деген ойдамыз.