Дана Абайдан жалығыпты кей надан

(1 Vote)

Қарап тұрсаң түрлі-түрлі адамдар,

Сәлем бермес, сәлем алмас жамандар.

Еш нәрсенің парқын білмес бейшара,

Абайға да тіл тигізді надандар.

Күндер жылжыр ауыр ойлар кешкізіп,

Тіршілікте қалмағандай еш қызық.

Абайдан да жалығыпты кей надан,

Көзің көріп, құлақ мұны естіді.

Көңіл түсіп, мұнарланар жан айнаң,

Жағдайы бар ісіп-кепті талай жан.

Кепкен кеуде жиі алдыңнан шығады,

Биік болып көрінумен Абайдан.

Құныққанның өз дегені болып тұр,

Жүрмегенде қайтер едің, көніп құр.

Көрсоқырлық қазағыма сор болды-ау,

Айналаңда надан Абай толып тұр.

Өктемсиді бәз біреулер бас жара,

Соқыр кеуде болады екен ашқарақ.

Дана Абайға мін тағады жосықсыз,

Бұдан асқан бар ма екен, масқара!

Бәйтерекпен таласады көп шілік,

Қарға қыран болды ұшпай көк тіліп.

Дария ой жүзгізеді қария,

Жеткізгенің осы ма деп тоқшылық.

Аз жалғанда жүрміз түрлі күйге еніп,

Нені ойлап таппай жатыр кей желік.

Артық болса Аллам өзің кеше гөр,

Мен барлықтан кетем кейде жиреніп.

Жүрегіңді көп қой жайлар жаралар,

Сәлеміңді алғанға да пара алар.

Бесігіңді түзетуді ел болып,

Дана Абайша қалды ма бас саралар.

Қайран бабам, сен озықсың тіріден,

Қазынаңа қанбағанның бірі – мен.

Жалған сөзден жаны күйген жалпың бар,

Заман жетті балық бастан шіріген.

Таңатар Дәрелұлы,

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521