Ғ.Дүйсембаев:"Болашақта айналма жолдар жасау ойда бар"

(0 Votes)

Келесі кезекте сөз алған Сенат депутаты Ғ.Дүйсембаев та бірқатар өзекті мәселерді сөз етті.

– Өздеріңізге белгілі, Атырау және Маңғыстау облыстары, Астана мен Алматы қалалары республикалық бюджеттің донорлары қатарына жатады. Қалған аймақтар дотациямен күн көреді, біздің облыстың табыс түсімінің біраз бөлігі аталған мақсатқа кетеді. Мұнайдан тапқан пайдамыз ұлттық қорға өтеді. Осындай донорлы аймақ бола тұра автокөлік жолдарымыздың халі нашар екені жасырын емес. Оны жер-жерде айтып та жүрміз. Ең төмен жол Батыс Қазақстанда 51 пайыз, Ақтөбе облысында 53, Атырауда 54 пайыз деңгейінде. Алдағы уақытта басталған жолдар біткен соң жағдай жақсарады деген ойдамыз. Бұл жолдар тікелей Атырау қаласының үстімен өтеді, болашақта оған соқпай өтетін айналма жолдар салу ойда бар. Жаңа Бақтықожа Салахатдинұлы айтып өткеніндей Атырау өңірінде су мәселесі өте өткір күйінде қалып отыр.

Мен Ресей мен Қазақстан арасындағы ортақ комиссияның мүшесі ретінде Жайықтың суының азайып кетуіне алаңдаушылық білдіріп отырдым. Мемлекетаралық деңгейінде шешілуге атсалысып келеміз, бұл іске ғалымдарды тартуымыз қажет. Ресей жақтағылардың өздері бір-бірімен тіл табыса алмай жүр. Бұрыннан Ириклинское су қоймасы бар Орынбор облысының басшылығы қарсы болса да Башқұртстандағылар өздеріне қойма жасап алыпты. Басқа да жағдайы болар, дегенмен осыдан келіп Жайық бассейніне су жетіспестігі туындауда, - деген Сенат депутаты басқа қордалы мәселелерді сөз ете келіп, жиналғандардан өздерін толғандырып жүрген өзге де жайттар болса сауал ретінде жолдауға болатынын жеткізді.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521