БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді

(0 Votes)

Қор төңірегінде жиі қойылатын бес сұрақ турасында БАҚ өкілі Құрманғазы аудандық қызмет көрсету орталығының басшысы Лена Харесовамен сұхбаттасқан болатын.

1. Биылғы жылы зейнеткерлікке шығуға дайындалып жатқан әйел адамдар қандай құжаттарды жинақтап, қайда тапсыру керек?

-«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар, олардың ішінде биыл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толған әйелдер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Сондықтан, кез келген азамат зейнеткерлік жасқа толуға 10 күн қалғанда, зейнетақы төлемдерін алуға өтініш бере алады.

Зейнетақы алу құқығына ие болған азаматтар зейнетақы төлемдерін рәсімдеу бойынша бірыңғай өтініш пен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) кесте бойынша алушының өтінішін де көрсетілген банк шотына ай сайын бір мезгілде аударылып отырады. Бұл ретте алушыға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтары мен нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті  жоқ.

Зейнетақыны рәсімдеу үшін ХҚО-ға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

жеке басты куәландыратын құжат;

банк шотының нөмірі; жұмыс орнынан айлық табыстар және міндетті зейнетақы жарналары туралы анықтама;

еңбек кітапшасы;

білімі туралы диплом;

әскери билет (қорғаныс істері бойынша жергілікті басқармадан);

неке туралы куәлік;

балалардың туу туралы куәліктері.

Туу туралы куәлік жоқ болса, актілік жазбадан үзінді-көшірмені немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтаманы әкелуге болады. Толық ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның egov.kz сайтынан немесе ХҚО-ның жергілікті филиалдарының бірінен біле аласыз. 

2. Лена Зұлпыхарқызы, көпті мазалайтын сауалдың бірі, аннуитетті пайдалана отырып, мерзімінен бұрын зейнетке шығуға бола ма?

- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кеміндt ең төмен зейнетақы мөлшерiнде зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мақсатында жеткілікті зейнетақы жинақтарын есептеу үшін аудан тұрғындары біздің сайттағы «Зейнетақы калькуляторын» пайдалануына болады.

3. Жұртшылық тарапынан БЖЗҚ-дағыжинақтың бір бөлігін несиені өтеуге пайдалану туралы сұрақтар жиі қойылады.Бұл туралы не айтасыз?

-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын несиені өтеуге пайдалану мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне деген құқығы заттық құқық санатына жатады және Заңда белгіленген мақсатқа ғанақолданылуы мүмкін.

Заңға сәйкес Қордағы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдары арқылы мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік бар. Яғни, 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2020 жылы ол – 38 636 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс.

4. Соңғы уақытта қазақстандықтар үшін өздерінің зейнетақы жинақ қорын бақылап отыру игі дәстүрге айналып келеді. Кей жағдайда БЖЗҚ сайтының жеке кабинетіне кіру үшін өзінің паролін ұмытып қалатындар табылады. Ал ол үшін қордың бөлімшесіне арнайы бару қажет етіле ме?

-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпиясөз (пароль) керек. Егер пароліңізді ұмытып қалсаңыз, онда қайта тіркеуден өтуіңіз қажет болады. Бұл үшін Қор сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіріп, «Пароль ауыстыру» батырмасын басып, барлық жолақтарды толтырыңыз. Сөйтіп, Қордың дерекқорында тіркелген электрондық мекен жайыңызды немесе ұялы телефоныңызды көрсетіп, «Жіберу» түймесін басыңыз. Енгізілген деректер жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтініште немесе хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімде көрсетілген деректермен сәйкес болуы керектігін ұмытпаған жөн. Сондықтан Қорға тек маңызды және дұрыс деректерді ұсыну қажет. Көрсетілген электрондық мекенжайыңызға немесе ұялы телефоныңызға SMS арқылы келіп түскен бір реттік парольді алған соң, «Бір реттік пароль енгізу» батырмасын пайдаланыңыз. Яғни, бір реттік парольді енгізіп, жаңа пароліңізді тіркеңіз. Сөйтіп үзінді көшірмеге қол жеткізе аласыз.

5. Тағы бір маңызды сұрақ, басқа зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинағы бойынша тарихи мәліметтердің толық үзінді көшірмесін қалай алуға болады?

-Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып, өтініш беру қажет етіледі. БЖЗҚ филиалдарыныңмекенжайы мен байланыс телефондарын Қор сайтының «Байланыстар» бөлімінденемесе 1418 тегін телефон нөмірінехабарласуарқылыалуғаболады.

-Қор жөнінде маңызды сұрақтарға жауап қайтарып, жан-жақты түсінік бергеніңіз үшін рахмет!

Сұхбаттасқан А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521