Бюджетті бақылай аласыз

(0 Votes)

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет.

Себебі бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте онлайн сауалдаманы да қолданған жөн. Жергілікті өзін өзі басқарудың қаржылық мүмкіндіктерін арттыру керек. Ол үшін ауылдық округ бюджетінің мүліктік құқығын кеңейтіп, кірісін арттыру қажет. Бұл «халық атсалысатын бюджет» жобасын дамытудың келесі кезеңі болғаны жөн», – деп жергілікті бюджетті бекіту, және оның оңтайлы жұмсалу бағытына бақылауды күшейтуді атап өткен болатын.

Осыны алғашқы болып қолға алған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің әр өңірінде «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жобаның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттарды бақылауды және ашықтығын қамтамасыз ете отырып халықпен кері байланыс орнату болып табылады. Агенттік аталған жоба арқылы бюджеттің тиімді игерілуін бірге бақылауға шақырып отыр. Ол үшін жобаның WW PUDLICBUDGET.KZ сайтына кіріп, өз өңіріңізді, қызықтырған саланы таңдап, бөлінген бюджет қаражатын бірге бақылай аласыз. Мысалы, таңдаған салаңыздың бюджетінің көлемі, оны қалай жұмсауда, қанша сомма неге бөлінді, алға игеру қарай жоспары қандай соны білесіз. Білім саласы қызықтырды дейік, мұнда қанша қаржы қаралған, оның қандай сомасы күрделі және жеңіл жөндеу жүргізуге, балалар тасымалына, ыстық тамақпен қамтуға, жылу жүйесін жақсартуға және басқаларына бөлініп отыр, бәрі осы сайтта тұрады. Егер ұнамаса осы сайтта ұсыныс-пікір, шағымдарыңызды қалдыруыңызға болады. Сол арқылы бюджеттің тиімді игерілуіне өз үлесіңізді қосасыз. «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасы қай салада да жемқорлықтың жолын жауып, ел өркендеуіне қызмет етеді деген сенімдеміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521