Былтыр ауданда 6 адамды кене шақты

(0 Votes)

Ресей Федерациясының Құрманғазы ауданымен көршілес жатқан Астрахан облысында 2019 жылы тұрғындар арасында Конго Қырым қанды қызбасымен 12 адам ауырып тіркеліп, 2 адам қайтыс болды.

Краснояр ауданында 3 жағдай орын алды, 2018 жылы 6 жағдай анықталды. Сонымен қатар соңғы 5 жылда аудан аумағында зертханамен тексерілген искодты кенелерден Конго Қырым қанды қызбасының қоздырғыштары табылып, оң нәтиже көрсетті. Ауданда искодты кенелерді зертханалық тексеру нәтижесінде 2017 жылы 97 сынамадан -3, 2018 жылы 98 сынамадан -11, 2019 жылы 78 -4 оң нәтиже анықталды.

Өңірде кене шағумен тіркелген адамдардың саны жыл сайын көбейіп келеді.2019 жылы6 жағдай тіркелді.

Конго –Қырым қанды қызбасы - бұл вирусты табиғи ошақты трансмиссивтік жолмен берілетін жұқпалы ауру. Негізгі қоздырғыштың көзі, вирусты сақтаушы және ауру таратушы – искодты кенелер. Вирустың уақытша резервуары жануарларлар ірі қара мал, қой ешкі болып табылады. Бұл аурулардың қоздырғышы трансмисивтік искодты кенелер шаққан кезде байланыс және аэрогендік жолмен беріледі. Адам ауруды зақымдалған кенелер шаққан малды қырқығанда, оларды кенеден тазартқанда ветеринарлық көмек көрсеткенде жұқтырады.Аурудың инкубациялық кезеңі орта есеппен 4-6 күн, сирек жағдайда 14 күнге дейін созылады. Кене адам терісіне байқатпай және ауыртпай жабысады. Ауру жіті, қатты бас аурумен басталады, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну белгілері болады.

Конго-Қырым қанды қызбасының негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек жолдарынан қан кетулері жатады. Бұл дерттің алдын алу үшін адамдар кене шағудан сақтануы тиіс. Ал олар негізінен ерте көктемде және жазда шабуыл жасайтынын қаперге береміз. Денеге қадалған кенені пинцет қолдана отырып, теріге жабысқан тұмсығын қалдырмауға тырысып, ақырын шығарып алу қажет.Бұл қолға қолғаптар кию арқылы жүргізілуі тиіс. Одан әрі оны алып шыққан соң, қолды сабындап жуып, денедегі шаққан жерді міндетті түрде залалсыздандырған жөн. Алынған кенені құтыға салып, жұқпаның болуына байланысты зерттеу үшін арнайы зертханаға жолдайды.

Егер де сізді кене шағып, жағдайыңыз нашарлағанын сезінсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз. Өз бетімен емделген өміріңізге қауіп төндіретінін ескертеміз.

Карл Отаров, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521