«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы

(0 Votes)

Ағымдағы жылғы 8-16 ақпан аралығында республика аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Ауданымыздың экономикасын көтеру мақсатында әрбір салынған айыппұлдардың уақытылы мемлекет бюджетіне түсуі маңызды. Сол себептен Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығына сай, полиция органдары қызметкерлерімен, аумақтық сот актілерін орындау бөлімі және жеке сот орындаушыларымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру мақсатында ағымдағы жылдың 08-16 ақпан Құрманғазы ауданы көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтардың төленбеген айыппұлдарын өндіру мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп «Борышкер» атты жедел профилактикалық іс-шарасы (рейд) өткізілуде.

Жедел профилактикалық іс шараның мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу сондай ак қоғамдық тәртіпті қадағалау болып табылады. Сонымен қатар салынған әкімшілік айыппұлды 7 тәулік мерзімнен кешіктірмей төлеулерін және де әкімшілік айыппұлды төлеген соң түбіртекті Құрманғазы аудандық полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобының № 19 қызметтік бөлмесіне тапсыру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

ЖПІШ шеңберінде:

- Құрманғазы аудандық ПБ-нің қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу органдарымен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлеп орындатудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу;

- айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігі, айыппұлдарды ерікті төлеу мерзімінің өтуі жағдайында ықтимал салдары, сондай-ақ оларды төлеу тәсілдері туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастыру;

Н.Құбашев,

Құрманғазы АПБ-і бастығының м.а. полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521