"Біздің мемлекетке қызмет еткіміз келеді"

Рейтинг: 0 / 5

Құрманғазы аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдар жәрмеңкесі өткізілді. Оған әр округтен жұмыс іздеуші жастар қатысты.

 

Аталған жәрмеңке Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының Кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытындағы бірінші реформасын іске асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен жергілікті тұрғындар мен жоғары және арнайы оқу орындарын бітірген жастардың арасында мемлекеттік қызметке түсу жолдарын түсіндіру, насихаттау, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдарды толықтыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жәрмеңкені Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы Ә. Мусин ашып: - Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеуді қалайтын азаматтардың саны жыл сайын өсіп келе жатыр. Себебі мемлекеттік қызметте еңбек ету ол бірінші тұрақтылықтың белгісі, екіншіден басқару қағидатының негізінде мансаптық өсуге үлкен мүмкіндіктердің болуы. Күннен- күнге мемлекеттік қызметтің мәртебесі артып, бұл салада еңбек ету азаматтар тарапынан жоғары сұранысқа ие болуда, - деп мемлекеттік қызметке түсу жолдарын бейне ролик, слайд арқылы түсіндірді. Кейін бөлімнің мамандары Р.Қисамеденова, А.Әнесов аудан әкімдігіне қарасты бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді.

Тілекші МЕРТАЙҚЫЗЫ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика