«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы «Теңіз» БПҰ төрағасы, округ әкімі А.Баймұхановтың бастамасымен, республикалық #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында Теңіз ауылдық округінде төмендегідей игі істер жүзеге асырылып келеді.
Ауылдық округ әкімі А.Баймуханов және округ ұжымымен бірлесіп 1 мамыр қарсаңында 7 отбасына қайырымдылық көмек жасап азық – түлік тағамдары үлестірілді. Сонымен қоса елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде, жұдырықтай жұмылып, белсене араласқан:
- Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ж.Хасанованың бастамасымен мектеп ұжымы 10 отбасына азық – түлік көмегін көрсетті.
- Приморье ауылдық клубының меңгерушісі Г.Насипованың бастауымен клуб ұжымы 4 отбасына азық – түлік және тұрғындарға маска үлестіруді ұйымдастырды.
- Ауылымызда балық өнімімен айналысып отырған «Каспий Интер Фиш» ЖШС-і басшысы Т.Жакеев 8 отбасына балық өнімін берді.
- Ауылымыздың азаматтары Сайлауов Бекжан бастаған 1 топ азаматтар 10 отбасына азық - түлікпен көмек көрсетті.
- Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Б.Утеулиев 1 отбасына азық – түлік өнімін берді.
- Ауданымыздың жеке кәсіпкері «Кубашев Е» 5 мүгедек отбасына ет өнімімен көмектесті.
Осындай қайырымдылық іске атсалысқан барша азаматтарды округ тұрғындары атынан алғысымызды айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тiлейміз.