Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясының аясында ағаш көшеттерінің әсем болып өсуіне жағдай жасап, белсенділік танытты. Аталған шараға 5-10 сыныптар, мектебіміздің 11-сынып бітіруші түлектері мен мектеп ұстаздары қатысты.
Сондай-ақ, орталық Жастар алаңына мектебіміздің жас мамандары «Ұлдар ұйымының» жетекшісі М. Мұфтахов, аға тәлімгер Г.Мырзагалиева талдарын екті. Бұл акцияға қатысты тәрбие жоспары байланысты «Біз таза ауылды қолдаймыз!» атты тақырыпта 2-11 сынып оқушылармен сынып сағаттары, экологияға байланысты видеороликтер, тәрбиелік сұхбаттар жүргізілді.
Қарлығаш Қыдыршаева,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.