Биыл көліктерге салынатын айыппұл, салық және басқа да төлемдер қаншалықты өсті

(0 Votes)

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі есептік көрсеткіш 126 теңгеге көтеріліп, 2 651 теңгені құрады.

Соның нәтижесінде барлық төлемдер де өсті, деп хабарлады kolesa.kz.

Айыппұлдар

Мәселен, темекі түтіні бар автокөлікті жүргізген жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 2 АЕК, яғни 5 302 теңге айыппұл салынады (бір жыл бұрын ол 5 050 болған). Көлік тұрағы үшін төленетін салықтан жалтарғаны үшін 3 АЕК (7 953 теңге, бұл 7 575 теңге болған).

Жылдамдықты 10 км-ден 20 км/сағ дейін асырғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды (13 255 теңгені құрайды, бұрын 12 625 болған).

Тротуарға, гүлзарларға, көгалдарға, балалар алаңы пен спорт алаңына тоқтағаны немесе көлікті сол жерлерге тұраққа қойғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (ол 26 510 теңгені құрайды, бұрын 25 250 теңге болған), ал көлікті жаяу жүргіншілерге арналған жолда немесе тротуарларда айдағаны 15 АЕК айыппұл салынады (ол 39 765 теңгені құрайды, бұрын 37 875 болған).

Жалған нөмірлі көлікпен жүрген жүргізушілерге 20 АЕК (53,020 теңгені құрайды, бұрын 50 500 болған) айыппұл салынады немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырады.

Жол ережесін бұзып, салдарынан жазатайым оқиға болып, материалдық шығын келтірілсе, 25 АЕК (66 275 теңге, былтыр 63125 теңге болған) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 6 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал полицияның заңды талабын орындамағаны үшін 30 АЕК (79 530 теңге) айыппұл төленеді.

Көлікті тіркеу

Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болған автомобильдер мен тіркемелер мемлекеттік тіркеуге қойылғаны үшін 0,25 АЕК мөлшерінде төлем жасалады. 1 қаңтардан бастап ол 662,75 теңгені құрайды.

Көлікті бастапқы тіркеу үшін шығарылған жылын қоса есептегенде 2 жылға дейінгі жеңіл көлік болса, 0,25 АЕК (662,75 теңге), 2 жылдан 3 жылға дейінгі көліктерге 50 АЕК (132 550 теңге) және шыққанына 3 жылдан асқан көліктер үшін 500 АЕК мөлшерінде (1 325,500 теңге) төлем жасалады.

Жүк машиналары мен автобустар үшін сәйкесінше коэффициенттер мен төлемдер де жоғары.

Қазақстанда техпаспорт 1,25 АЕК(3 313,75 теңге) мөлшеріндегі төлемге рәсімделеді. Қарапайым мемлекеттік нөмір немесе оның екі көшірмесі 2,8 АЕК немесе 7 422,8 теңге тұрады.

Салық

Ескі және жаңа жеңіл көліктерге (қозғалтқышының сыйымдылығы 3 литрге дейін) салынатын салық мөлшері әлі де 1-ден 117 АЕК-ке дейінгі мөлшерді құрап отыр. Ол 2 651-ден 310 167 теңгеге дейінгі бағаны құрайды.

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда шығарылған немесе сол күннен кейін Қазақстан Республикасына импортталған, қозғалтқышының сыйымдылығы 3000 текше сантиметрден асатын автомобильдер үшін салық мөлшері – 92,785-ден 530 200 теңгеге дейін.

24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521