Биыл 6492 тонна балық ауланды

(0 Votes)

Қазақстан алыс және жақын шет елдерге жылына 60 млн. доллардың 30 тонна балық өнімдерін экспорттайды. Бүгінде елімізде 11 мың адамды жұмыспен қамтып отырған 1000 балық шаруашылығы субъектілері жұмыс жасап тұр. Оларға 1646 балық аулайтын учаскелер бекітіліп берілген. Өткен жылы 45 тонна су маржаны ауланса, онда Атырау облысының және балық шаруашылығына сүбелі үлес қосып отырған біздің ауданның да үлесі бар. Жалпы өңірімізде балық шаруашылығы қалай дамуда? Қандай жұмыстар жасалып жатыр? Алда қандай міндеттер тұр? Осы сұрақтардың жауабын білмек ниетпен Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы Дүйсалиевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Артур Сәдібекұлы сөз басында облыс бойынша балық шаруашылығының қазіргі жағдайы жайлы айтып өтсеңіз?

– Құрманғазы ауданы туып-өскен жерім болғандықтан маған оттай ыстық. Котяев ауылында дүниеге келдім, 11 жыл осы округте еңбек етіп, шыңдалдым. «Серпер» газетінің әр нөмірін асыға күтіп отырамын. Соңғы кезде заман талабына сай форматтарыңыз өзгеріп, дизайндарыңыз да жақсара түсіпті. Жаңалықтар да көбейіпті. Енді сұрағыңызға көшсек, Атырау облысы аумағында 2 бекіре өсіру зауытын қоса алғанда 18 табиғат пайдаланушылар балық аулаумен айналысады. Балық шаруашылығы кәсіпорындары балық аулауды Жайық, Қиғаш өзендерінің сағалық кеңістігінде және Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігінде жүзеге асырып келеді. Ағымдағы жылы Жайық-Каспий бассейіні бойынша көктемгі кәсіптік балық аулауға 7434 тонна квота бөлінді. Каспий теңізінен 3190, Жайық өзенінің сағалық кеңістігінен 2223 тонна. Сонымен қатар Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігінен 2021 тонна квота бөлінген еді. Күні бүгін бөлінген квота бойынша 6492 тонна балық ауланып, лимит 87%-ға игерілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 794 тоннаға артық. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Атырау облысы әкімдігінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде, квота мерзімінде бөлініп, басқармамен кәсіптік балық аулау рұқсаттары уақытылы беріліп көктемгі балық аулау маусымы ақпан айының 20-нан басталды. Бұрын квотаның кеш бөлінуіне байланысты, балық аулау маусымы сәуір айында басталып, көктемгі лимиттің игерілуіне кедергі болатын. Биылғы балық аулау науқаны коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин жариялау кезеңімен тұспа-тұс келсе де, облыс әкімінің науқандық жұмысты еш кедергісіз өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында қойылған талаптар мен шектеулерді орындай отырып, өз деңгейінде өткізілді.

Енді сіздің сұрағыңызға көшсек ағымдағы жылы «Жайық-Каспий бассейіні» бойынша көктемгі балық аулауға 7434 тонна квота бөлінген болатын. Есепті мерзімде 6492 тонна балық ауланды, яғни лимит 87 пайызға орындалды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 794 тоннаға артық.

Қ,ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521