Футбол алаңының ашылу салтанатында ауыл әкімі Нұрдәулет Дарелов сөз алып:
- Ауылымыздың инфрақұрылымын дамыту – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Бүгін міне, соның бір дәлелі - демеушілікпен ауыл реңін келтіріп, көркін ашатын айшықты арка мен жаңа футбол алаңы пайдалануға беріліп отыр. Алаң ауыл балалары және жастарға өте қажетті нысан. Енді жастардың спортқа деген ықыласы арта түстеніне сенімім мол. Ауылды дамыту жұмыстары одан әрі жалғаса беретін болады – дей келе, салынған нысандарды күтіп ұстау тұрғындардың ортақ міндеті екендігін алға тартты. «Каспий нефть» акционерлік қоғамы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Альнур Шамшиев әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына игілікке қызмет етсін деген тілегін білдіріп, жаңғыртудан өтіп жатқан саябақ пен ойын алаңы да жақын арада тапсырылатынын жеткізді.
Жасанды көгалмен көмкерілген, жан-жағы қоршалып, жарықтандырылып, абаттандырылған спорт нысанының лента қию рәсімін ауыл ардагері Абай Есеев пен «Каспий Балық» өндірістік кооперативінің төрағасы Жұмажан Шакупов жасады. Шарада ауыл өнерпаздары әндерін әуелетті.
Айнагүл Күнұзаққызы