Бірінші болып болжамнан шықты

(0 Votes)

Мерзімді баспасөзге жазылу басталғанына да айдың үстіне шығыпты. Уақыт зулап өтіп жатыр. Қарашаның ортасына жетіп қалдық, келесі айда науқан аяқталады.

Алайда, арқаны кеңге салуға уақыт күттірмейді. Желтоқсанда демалыс көп. Осыны ескерген кейбір іскер басшылар, кәсіпкерлер аудан айнасына жазылуды кейінге қалдырмай, ұйымдастырушылық қабілетімен тәнті етуде. Бұрын округтерді басқарған Қанат Ғаббасов, Бауыржан Ақбанов сияқты болжамды бірінші болып орындайтын ағаларымыздың орнын жоқтатпайтын азаматтар да бар. Соның бірі сөзі мен ісі үйлесім тауып жататын Байда ауылдық округінің әкімі Жүсіп Төреғалиев.

Жүсіп Сүлейменұлы басқарған округ 2021 жылдың І жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылу науқанында Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне 230 данаға жазылып, болжамды бірінші болып аяқтады. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» барша ауыл тұрғындары, мекеме басшылары Ш.Исатаева, Х.Бисахов, С.Дүйсекенова, Т.Мырзағалиев, Ж.Ислямов, көмек қолын созған жомарт жанды азамат, Еңбекші ет кешенінің директоры Б.Кенжебаев, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары Г.Мусаев, М.Ахметқалиев, Н.Дүйсекенова, М.Азатова, Ж.Еспусинов, С.Бисахов, С.Махмудова, С.Жантумаева, Н.Зұлхашев, Д.Утепова, Б.Хамзаева, С.Ниязова, «Тілекші» ЖШС-нің басшысы О.Ахметов, «Ш.Сүлейменов LTD» атқарушы директоры С.Жұбанышов ортақ істе ерекше белсенділік танытқан. Олардың бәріне ризашылығын  білдірген Байда ауылдық округінің әкімі Ж.Төреғалиев баршаларының отбастарына амандық, жұмыстарына сәттілік тілеп отыр! Біз де өз тарапымыздан аталған округтің басшы, қосшысына, ауыл тұрғындарына аман жүріңіздер, бірліктеріңіз берік болсын, әрқашан ел алғысын арқалай беріңіздер демекпіз! Бірлескен жұмыстарымыз жалғасын таба берсін!

Құрметпен Айнагүл Шакупова

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521