Бірдейлендіру – мал ұрлығына тосқауыл

Рейтинг: 0 / 5

Бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді бірыңғай базаға енгізіп, ветеринариялық паспортты бере отырып, сырғалау, таңбалау және чиптау жолымен жеке нөмір беруді қамтитын есепке алу жүйесі болып табылады.

Сырғасыз, ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдаған жануарларды анықтау, мал ұрлығының алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметімен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 2018 жылы 13, биылғы жылы 2 тұлға ҚР ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық ережелерді сақтай отырып, осы заң талаптарын орындамаған тұлғаларды әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстің 406 бабына сәйкес жеке тұлғаларға – 20, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аудан тұрғындары малдарды заңсыз тасымалдау мен союды жүзеге асырған азаматтар анықталған жағдайда ішкі істер органындарына дер кезінде хабарласса мал ұрлығы қылмысының алдын алуға үлкен септігін тигізер еді.

Е.Тюмалиев, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика